БӘЙДІБЕК: ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бәйдібек ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық рухты көтеру және соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау мақсатында әскери шеру ұйымдастырылды.

Шеруге мектеп оқушылары, жастар ұйымдары, күштік құрылым өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер қатысты. Сап түзеп өткен колонналар мен патриоттық әндер айтылған сәттер – жиналған көпшілікке зор әсер қалдырды.

Бұл – өткенге тағзым, ерлікке құрмет, болашаққа берік сенімнің жарқын көрінісі болды.