БӘЙДІБЕК: ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан өнерпаздарының қатысуымен патриоттық рухтағы гала-концерт өтті.
Мерекелік шарада жергілікті өнер иелері ән мен күйден шашу шашып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Ел қорғаған ерлердің ерлігін ұлықтаған бұл концерт — ұлт рухын асқақтататын мәні зор мәдени кешке айналды.