Бәйдібекте мемлекеттік қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау өтті

2025 жылғы 24 маусымда Бәйдібек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау шарасы өтті. Іс-шара ҚР Президентінің «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру» тапсырмасына сәйкес өткізілді.
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, тұрғындардың қажеттіліктерін заң шеңберінде қанағаттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту болды.
Аудан әкімдігі ғимаратында өткен жиынға аудандық бөлім басшылары, ауыл әкімдері, сондай-ақ прокуратура мен полиция өкілдері қатысып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттық қауіпсіздік және құпия режим бөлімшесінің басшысы С.Арыстанбаев баяндама жасады.
Сонымен қатар аудандық «Мансап орталығы» базасында мемлекеттік қызмет көрсету мен құқықтық көмекке арналған қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Шара барысында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет, жер қатынастары салаларының жауапты мамандары азаматтардың өтініштеріне заң аясында нақты жауап беріп, кеңес ұсынды.
Қоғамдық қабылдау мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мен халықпен ашық диалогты дамытуға бағытталды.





