Бәйдібекте Жеңіс рухы асқақтады: Ұлы мерекеге арналған тағылымды кеш өтті

Бәйдібек ауданы үшін 7 мамыр – жай ғана күн емес, елдік пен ерліктің биік тұғыры. Аудан орталығындағы стадион алаңында өткен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік кеш Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Шараға аудан тұрғындары көптеп жиналды. Кеш шымылдығын аудан әкімі Ерлан Зайпұлы ашып, бейбіт өмірдің бағасын ұғындырып, жауынгерлерге деген құрметтің мәңгі екенін жеткізді.
Мерекелік бағдарлама аясында соғыс жылдарындағы ауыр күндер сахналанып, қан майдандағы батырлардың ерлігі көрініс тапты. Аудан өнерпаздары жүрек тебірентер қойылымдар, патриоттық әндер мен жырлар арқылы көрерменге рухани азық сыйлады.
Тарихты тереңнен толғайтын тағылымды кеш ел жадында ұзақ сақталары анық.





