Бәйдібекте зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж-флешмоб өтті

 

Бүгін Бәйдібек ауданының орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды челлендж-флешмоб ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар, жергілікті атқарушы билік, білім беру мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, мәдениет қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ жастар мен мектеп оқушылары белсене қатысты.

Акцияның басты мақсаты – отбасы ішілік зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғам назарын осы мәселеге аудару және бірлік пен татулықты насихаттау болды.