Бәйдібектегі Ұлы Жеңіске 80 жылға арнап көрсетілген ерекше қойылым халық назарына ілікті

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Бәйдібек ауданында «Тыныштық күзетшісі» атты әсерлі қойылым көрермен назарына ұсынылды.
Спектакль барысында Мәдениет саласының үздігі, актриса, күміс көмей әнші, өнер ардагері Қалия Масауова басты кейіпкерлердің бірі – Шәмсия образын жоғары шеберлікпен сомдап шықты. Тарихи оқиғалар желісін көркем бейнелеген бұл қойылым көрермендердің жүрегінен орын алып, ерекше әсер сыйлады.
Осындай атаулы мерекеде сахна төрінен табылып, кәсіби шеберлігімен көрермен ықыласына бөленген Қалия Жанайқызына зор алғыс білдіреміз!