Бұдан былай банктер алаяқтардан сақтану үшін шотты бір тәулікке бұғаттай алады

Ұлттық банк алаяқтыққа қарсы әрекет ету механизмін күшейтпек. Жаңа алгоритмнің арқасында банктер клиент пен алаяқ арасында байланыс орнаған сәтте-ақ қауіп туралы автоматты түрде ескерту жасайтын болады. Егер азамат ескертуді елемей, қаржы аударымын жүзеге асырса, банк шотты 24 сағатқа дейін бұғаттап, клиентті бөлімшеге туыстарымен бірге шақырып, мән-жайды анықтайды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шопанқұловтың айтуынша, аталған алгоритм 2025 жылдың соңына дейін дайын болады. Бұл шаралар арнайы заң аясында бекітіліп, банктерге осындай өкілет беру көзделіп отыр.