Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сауран ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сауран ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сенбілік жұмыстарының барысын бақылап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Табиғатты қорғау мақсатындағы шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілерден тұратын 400-ден астам адам белсенді түрде атсалысты.
Сенбілік кезінде ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен жасыл желектер тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 12 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 60 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ағаштар суғарылып, әктеу жұмыстары да атқарылды.
Сонымен бірге, Шорнақ–Бабайқорған бағытындағы 20 шақырымдық автожолдың бойы қоқыстан тазартылып, үйінділер жойылды. Бұл жұмыстар елді мекендер арасындағы санитарлық жағдайды жақсартуға үлес қосты.