Қайнарбұлақ ауыл округі республикалық байқауда жүлдегер атанды

Қайнарбұлақ ауыл округі республикалық байқауда жүлдегер атанды
Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауыл округі республикалық «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауында «Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша жүлделі III орынды иеленді.
Бұл жетістік — округ әкімі аппаратының тұрғындарға көрсететін қызмет сапасының жоғары деңгейде екенін айқын көрсетіп отыр.
Жүлде — мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.





