«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-на 20 жыл: Жетісуда мерейтойлық басқосу өтті

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-на 20 жыл: Жетісуда мерейтойлық басқосу өтті
Мәслихат төрағалары өңірлік даму мен заңнамалық бастамаларды талқылады

ЖЕТІСУ – «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, еліміздің облыстық мәслихат төрағалары мен аппарат басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің өкілдері Жетісу облысында бас қосты.

Іс-шараға бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашевтың шақыруымен Түркістан облысынан мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Мақсат Исаев қатысты.

Сапар аясында делегация Сарқан ауданы Қойлық ауылындағы бірнеше шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысып, кәсіп иелеріне мемлекеттік қолдаулар туралы кеңес берді.

Келесі күні қатысушылар Талдықорған қаласындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарда болып, тәжірибе алмасу мақсатында теннис орталығы, орталық бассейн, волейбол кешені, «Jetisu» медиа орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Б.Римова атындағы драма театрдың жұмысымен танысты.

Басты іс-шара – бірлестіктің кеңейтілген жиыны өтті. Отырыста Төлеубек Мұқашев пен Әбікен Тоқтыбеков бірлестіктің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Жетісу облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев мәслихаттардың өңірлік даму мен мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудағы маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің ұсыныстары қаралып, мәслихат төрағалары өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Қорытындыда келесі бағыттар бойынша бірқатар бастамалар ұсынылды:

  • Президент реформаларын тиімді жүзеге асыруда депутаттардың белсенді қатысуы;
  • Мәслихаттардан Парламентке ұсынылған заң өзгерістерінің орындалуын бақылау;
  • Ауылдарды жандандыруға арналған пилоттық жобаларды іске қосу;
  • Бюджеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына жәрдемдесу.