Қазақстанда күзетшілерге жаңа талап қойылды

Қазақстанда білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді мектептер мен балабақшаларды тек лицензиясы бар күзет ұйымдары ғана күзететін болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары ресми мәлімдеді.
Жаңа талаптарға сәйкес, күзетшілердің жасы 25 пен 50 аралығында болуы тиіс. Сонымен қатар, олар арнайы кәсіби дайындықтан өтіп, қару алып жүруге және қолдануға рұқсаты бар, бұрын сотталмаған және жедел әрекет ету тобына мүше болуы міндетті.
Білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бұл қадам – балалардың қорғанысын арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жасалып отыр.