Қазығұрт: Азизхан Исмаилов аудан жастарының үнін тыңдады

Қазығұрт ауданында бүгін ерекше форматта жастармен ашық кездесу өтті. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов табиғат аясында ұйымдастырылған бұл басқосуда жастармен еркін форматта пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Ашық аспан астында өткен жиын аудан жастары үшін шынайы әрі мазмұнды диалог алаңына айналды. Жастар білім, жұмыс, кәсіпкерлік, мәдениет және волонтерлік қызмет бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Әкім жастардың белсенділігі мен азаматтық көзқарасына жоғары баға беріп, олардың көтерген мәселелері ескерусіз қалмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, жастар саясатын дамыту, оларға қолдау көрсету бағытында аудан әкімдігі тарапынан нақты жобалар қолға алынатынын жеткізді.
🔹 Бұл кездесу — билік пен жастар арасындағы байланысты нығайтуға, ашық диалог орнатуға бағытталған игі бастама.
Іс-шара Қазығұрт аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.