Қазығұртта Балалар күніне арналған мереке: Күлкіге толы шаттық пен шынайы қуаныш

Қазығұртта Балалар күніне арналған мереке: Күлкіге толы шаттық пен шынайы қуаныш
Қазығұрт ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Бала күлкісі – баршаға ортақ қуаныш” атты кең көлемді мерекелік шара өтті. Күннің басты кейіпкерлері – балаларға арналған концерттік бағдарламалар мен спорттық сайыстар көңіл көтеріп, шаттыққа толы атмосфера сыйлады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, ел болашағы – ұрпақ қамқорлығын басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
«Балалардың дені сау, білімді, бақытты болуы – әрбіріміздің ортақ борышымыз. Мемлекетіміздің негізі – саналы ұрпақ тәрбиелеу», – деді ол.
Шара барысында білім, спорт және шығармашылық бағыттарда жетістікке жетіп, аудан атын биікке көтеріп жүрген дарынды жастар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға да ерекше көңіл бөлініп, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік думан соңында бүлдіршіндер: «Бейбіт өмір мен жарқын болашақ – балалар үшін!» деген ұранмен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.