Қазығұртта “Халық заңгері” республикалық акциясы өтеді

 

📌 2025 жылғы 30 мамыр күні Қазақстан бойынша “Халық заңгері” атты жалпыреспубликалық құқықтық акция өтеді. Іс-шара барысында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріп, өзекті сауалдарға жауап ұсынады.

🔍 Қазығұрт ауданында акция аудандық кәсіпкерлік мектебінің фронт-офисінде, Д.Қонаев көшесі №2 мекенжайында өтеді. Басталуы сағат 11:00-де.

➡️ Құқықтық көмекке мұқтаж барлық тұрғындарға есік ашық. Азаматтар тұрғын үй, жер, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек, алимент, еңбек құқығы және басқа да заң салаларындағы сұрақтары бойынша кәсіби көмек ала алады.

🛡️ Іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар қатарында:
– ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
– ҚР Әділет министрлігі
Zakon.kz желілік басылымы
– “Параграф” ақпараттық жүйесі
– Республикалық адвокаттар алқасы
– Мемлекеттік органдар мен тәжірибелі заңгерлер қауымдастығы

🔸 Кіру тегін!
🔸 Кез келген азамат қатыса алады!

📣 Бұл – тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңды көмекке ашық қол жеткізуге бағытталған маңызды мүмкіндік.