Қазығұртта Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті

Қазығұртта Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті,деп жазады Пресса24.кз.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданындағы “Мәңгілік ел” саябағында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Елдікті ұлықтаған шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, мәслихат депутаттары, ардагерлер, әжелер алқасы, мемлекеттік мекеме өкілдері мен жастар қатысты.

Аудан басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, рәміздердің ел тәуелсіздігін айқындайтын ерекше нышан екенін атап өтті:
“Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің, елдігіміздің айшықты белгісі. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін аса қастерлі, жүрекпен сезінетін мереке”, – деді ол.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар мен жастардың сахналық қойылымдары ұсынылды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылық білдірді.