Қазығұртта жас балуандар өзара мықтыны анықтады

 

Қазығұрт ауданында жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық біріншілік өтті. Спорттық сайыс «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылып, жастарды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу мақсатында өткізілді.

Жарысты аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов жас спортшыларға сәттілік тілеп, мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

Додалы бәсекеге аудан аумағынан келген жас балуандар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған жасөспірімдерге медальдар мен дипломдар табысталды.

Бұл біріншілік — жастар арасында спортты кеңінен дәріптеудің және оларды пайдалы істерге тартудың нақты үлгісі.