Келес: Сарыжылғада жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне берілді

Келес: Сарыжылғада жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне берілді,-деп жазады Пресса24.кз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең маңызды әрі қастерлі мерекелердің бірі. Осы айтулы күн қарсаңында еліміздің әр өңірінде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі – Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға елді мекенінде пайдалануға берілген жаңа кіші ашық футбол алаңшасы.
Бұл нысан ауыл тұрғындары, әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен қуанышқа айналды. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген игі бастама елдің әлеуметтік дамуына, бұқаралық спортты өркендетуге бағытталған жүйелі саясаттың нақты нәтижесін көрсетті.
Салтанатты ашылу – ауыл өміріндегі маңызды оқиға
Жаңа футбол алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі Сарыжылға елді мекеніндегі Мұстафа Шоқай көшесінде өтті. Іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, ауыл ақсақалдары, жастар, спорт сүйер қауым және жергілікті тұрғындар қатысты.
Ашылу рәсімі барысында ауыл тұрғындарының қуанышы мен ризашылығы ерекше сезілді. Себебі бұл алаңша – тек спорт нысаны ғана емес, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және бірлік пен ұйымшылдықты арттыруға арналған маңызды орта.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жиналған жұртты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа спорт алаңшасының маңыздылығына тоқталды.
— Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманының жүзеге асқан көрінісі. Осы ұлы мереке қарсаңында ел игілігіне беріліп жатқан әрбір әлеуметтік нысан – мемлекетіміздің халыққа деген нақты қамқорлығының дәлелі. Бүгін ашылып отырған футбол алаңшасы ауыл балалары мен жастарының спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жол ашады. Бұл – болашақ ұрпақтың дені сау,





