КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын орындау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаевтың халықпен дәстүрлі кездесуі жоспарланып отыр. Кездесу 2025 жылғы 12 қараша күні сағат 10:00-де Көктерек кентіндегі №16 И.В. Панфилов атындағы мектеп ғимаратында өтеді.
Аудан басшысы тұрғындармен жүздесіп, жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылап, олардың сұрақтарына жауап бермек. Сондай-ақ, кездесуден кейін аудан әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу 2025 жылғы 11 қарашаға дейін жүргізіледі. Азаматтар өтініштерін 8 (72537) 7-97-13 және 8 700 377 97 13 байланыс телефондары арқылы немесе «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жібере алады. Қабылдауға жазылу уақыты – таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00–15:00 аралығында.
Кері байланыс орнату және өтініштерді сапалы қарастыру мақсатында азаматтар өз өтінішінде аты-жөнін, сұрақтың мәнін, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефоны мен электронды поштасын (бар болған жағдайда) нақты көрсетуі тиіс.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, инженерлік желілер, жол, жарықтандыру, ауыл шаруашылығы және өзге де өзекті мәселелер қаралады деп күтілуде.
Тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен пікірлер аудан әкімдігі тарапынан назарға алынып, тиісті шаралар қабылданбақ.





