Жексенбі, 8 Маусым

Құмкентте ішкі жолдар жөнделіп жатыр

 

Құмкент ауылдық округінде тұрғындардың сұранысына сай ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы барып, Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелерінде асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта Құмкент ауылының аталған көшелерінде 9 шақырымға жуық жолға сапалы асфальт жабындысы жасалуда. Сондай-ақ Қызылкөл елді мекенінде 2,5 шақырымдық көшелерге де жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келер күндері Қызылкөл ауылындағы ішкі көшелер толықтай жолмен қамтылады деп жоспарланған.

Аудан басшысы жол сапасын қатаң қадағалап, округ әкімдігі мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Жалпы, биыл аудандық бюджеттен 66,4 шақырым ішкі көшеге асфальт пен қиыршық тас төселеді. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,2 шақырымдық 12 көше жаңартылуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.

Өткен жылы 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық бюджет есебінен тағы 21,2 шақырым (18 көше) жол ауыл тұрғындарының игілігіне берілген.