«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТУЫМ»: РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Түркістан облысында «Менің Елім – Менің Туым» атты жалпыұлттық акция жоғары деңгейде өтті. Игі бастаманы AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.
Акцияның мақсаты – Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру, елдік сананы нығайту және жастар арасында патриоттық рухты ояту. Бұл бастама бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биыл да республика бойынша Мемлекеттік Ту орнату, автошеру, флешмобтар, спорттық іс-шаралар және салтанатты жиындар ұйымдастырылуда.
Түркістан өңірінде өткен шараға «Жастар ресурстық орталығы», мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, еріктілер мен жас азаматтар қатысып, қалалар мен ауылдық округтерде Ту көтеру рәсімдерін өткізді.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – әр азаматтың борышы. «Менің Елім – Менің Туым» акциясы ұлттық бірегейлікті нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.