Отырарда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы өз құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен адалдығын ерекше атап өтті. «Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бұл – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін сала. Сіздердің еңбектеріңіз көпшілікке үлгі болуы тиіс», – деді Қайрат Жолдыбайұлы.
Салтанатты қабылдау барысында мемлекеттік қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге Түркістан облысы әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Шара барысында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және қызметкерлердің еңбегін дәріптеу мақсатында жылы лебіздер айтылып, марапат иелеріне сәттілік тілегіне толы алғыстар білдірілді.





