«Реал» Алматыға келе жатыр: мадридтік клуб құрамын жария етті

Мадридтің әйгілі «Реал» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайратпен» өтетін сырт алаңдағы ойынға аттанатын футболшылар құрамын жариялады. Көпшілік асыға күткен кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтпек.
Құрамдағы ойыншылар:
– Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро
– Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес
– Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос
– Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно
Ұшу кестесі мен сапардың егжей-тегжейі:
Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға жетеді. Команда Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да (Астана уақытымен 16:30) ұшып шығады. 8 сағаттан астам әуедегі сапардан кейін ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады деп жоспарланған.
Бұл – қазақстандық жанкүйерлер үшін тарихи сәт. Футбол әлемінің жұлдыздары Алматыға алғаш рет толық құрамымен келіп отыр. Орталық стадионда өтетін матч билеттері қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие.





