САЙРАМ АУДАНЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

31 мамыр – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сайрам ауданында ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған акция барысында аудан тұрғындары көше бойларын қоқыстан тазартып, қураған ағаштарды кесіп, қоршаған ортаны ретке келтіруге белсенді атсалысты.

Шараға жалпы саны 6678 адам қатысып, 36 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 116 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигонға жеткізілді. Бұл – жергілікті халықтың қоршаған ортаға деген жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігінің нақты көрінісі болды.

Ауқымды сенбілік – тек тазалық емес, болашақ ұрпаққа экологиялық сауатты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды бастама ретінде бағаланды..