Сайрамда 116 тонна қоқыс жиналды – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық сенбілік өтті

Сайрамда 116 тонна қоқыс жиналды – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық сенбілік өтті
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған ауқымды тазалық жұмыстары өтті. Шараға аудан тұрғындары белсене қатысып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлестерін қосты.
6678 адам қатысқан экологиялық акция аясында:
- Көше бойларындағы қоқыс жиналып,
- Қураған ағаштар кесіліп,
- Елді мекендердің аумақтары толық ретке келтірілді.
♻️ Бұл жұмыстарға 36 арнайы техника тартылып, 116 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигонға жеткізілді. Аудан жұртшылығы бұл сенбілікке ұйымшылдықпен қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты.
Аудан әкімдігі мұндай акциялар арқылы экологиялық тәрбие мен жауапкершілікті күшейтуді көздеп отыр. Қоршаған орта – баршаға ортақ байлық. Сол байлықты келер ұрпаққа таза күйде аманат ету – әр азаматтың парызы.