САРЫАҒАШ: ӘКІМ АРМАН АБДУЛЛАЕВ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

САРЫАҒАШ: ӘКІМ АРМАН АБДУЛЛАЕВ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев халықты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтады. Құттықтауында әкім баланың бақытты өсуі мен сапалы білім алуын – қоғам мен мемлекеттің басты міндеті ретінде атап өтті.
«Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі. Мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – білімді, Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі бүгінгі балалар – ертеңгі елдің үміті, ұлттың болашағы», – деді әкім өз сөзінде.
Арман Абдуллаев бүлдіршіндердің білім жолында озат болуын, жарқын болашаққа сенімді қадам басуын тілеп, отбасынан басталған балалық шақтың олардың елге деген адал қызметіне жол ашатынын атап көрсетті.
«Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Еліміздің өркендеуі – сендердің қолдарыңда. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!» – деді аудан басшысы.
Бұл құттықтау – өңірдегі балаларға деген қамқорлық пен құрметтің көрінісі ретінде қабылданып отыр.