Сарыағаш ауданында елді мекендер сапалы электр қуатымен қамтылуда

Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінде елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Округке қарасты Көктал елді мекенінде 5 электр бағанасы жаңартылып, 200 метрлік электр желісі тартылды. Нәтижесінде, 17 тұрғын үй тұрақты және сапалы жарықпен қамтылды.
Қазіргі таңда Әлімтау елді мекенінде 8 бағананы жаңарту және 350 метр электр желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоба аяқталған соң шамамен 180 үйге сапалы электр қуаты жеткізілмек. Жөндеу барысында ескі ағаш бағаналар бетон тіректермен алмастырылып, желілердің қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігі арттырылды.