Сарыағаш: Егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

 

Сарыағаш ауданында көктемгі егін орағы қарқын алып, дихандар тынымсыз еңбек етуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Жарты төбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, өнім жинау барысымен танысты. Ол жергілікті шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен қиындықтарын тыңдады.

Сапар аясында әкім Достық ауылындағы бірнеше шаруа қожалықтарын аралап шықты. Егіс алқаптарын көзбен көріп, ауыл шаруашылығының аудан экономикасындағы маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, аграрлық сектор – өңірдің тірек салаларының бірі, сондықтан бұл бағытта қолдау шаралары жалғасады.

«Егін жинау жұмыстары ауа райын ескере отырып, нақты әрі тиімді ұйымдастырылуы тиіс», — деді аудан басшысы сала жетекшілеріне тапсырма бере отырып.

«Ермек» шаруа қожалығы
Бұл шаруашылықта 1 гектар жерге егілген қырыққабат жиналып жатыр. Қазірдің өзінде 80 тоннадан астам өнім алынып, жүк көліктеріне тиеліп, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілуде.