САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Аудан әкімі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Мәдениет елді мекеніндегі бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Ол ең алдымен 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына назар аударып, мердігерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда аталмыш нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жоба — 2024 жылы Түркістан облысында өткен «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Тегісшіл ауылдық округінің ІІ орын иеленуіне байланысты іске асырылып отыр. Жүлделі орын үшін бюджеттен бір әлеуметтік нысан салуға қаржы бөлінген.
Сонымен қатар аудан әкімі балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңының құрылысымен танысып, жұмыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Қазіргі уақытта бұл нысандарға қажетті жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.