САРЫАҒАШ: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖАҢА КОРПУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Сарыағаш ауданындағы «Балдәурен» жазғы лагері балалар үшін жаңаша кейіпке енді. Жаз басталмай жатып-ақ мұндағы демалушылар үшін жайлы жағдай жасалды — лагерь аумағында жаңа модульді корпустар салынып, пайдалануға берілді.

Облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл бастама арқасында енді балалар тек таза ауада тынығып қана қоймай, заманауи стандарттарға сай жабдықталған ғимараттарда тұрады. Әр корпус 20 балаға арналған. Ішінде жатын орындар, жаңа жиһаз, жеке шкафтар, кондиционер және таза ауызсу құрылғысы орнатылған.

Биыл лагерьде 7 ауысым ұйымдастырылып, 3500-ге жуық оқушының демалуы жоспарланған. Ал жаңа корпустардың арқасында бір маусымда 2000-нан астам баланы қабылдау мүмкіндігі туды. Бұған дейін мұнда тек 300 балаға ғана орын болған.

Балаларға арналған жаңа мүмкіндіктер мұнымен шектелмейді. Лагерь аумағында воркаут алаңы мен бассейн де салынды. Демалушылар үшін спорттық жарыстар, ойындар мен шығармашылық үйірмелер қарастырылған.

Жергілікті билік балалардың қауіпсіз әрі мағыналы демалысын қамтамасыз ету – келешекке жасалған инвестиция деп санайды. Ал «Балдәурендегі» өзгерістер – соның нақты көрінісі.