Сарыағаш: Жемісті ауылында аяқ жол салынып, көше шамдары орнатылды

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекен көшелерінде жүргізілген аяқ жол салу және жарықтандыру жұмыстарының барысын тексерді. Аудан басшысы жаяу жүргіншілер жолының сапасын көзбен көріп, Құрманғазы көшесін аралап шықты.

Сапар барысында округ әкімдігіне көшелерді таза ұстау, абаттандыру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жоба аясында Құрманғазы көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, 12 дана жарық бағанасы орнатылды. Құрылыс толық аяқталып, нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Жұмысты «Абразив» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырған.