Сарыағашта «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Сарыағашта «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Азаматтар тегін заңдық кеңес алып, құқықтық көмекке жүгінді

САРЫАҒАШ – Бүгін Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындарға тегін заңдық кеңес беріліп, түрлі құқықтық мәселелер бойынша нақты көмек көрсетілді.

Акцияға мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, құзырлы орган өкілдері, сот орындаушылар, адвокаттар және заң кеңесшілері қатысты. Азаматтар тек бір маманмен емес, бірнеше заңгермен кеңесу мүмкіндігіне ие болып, жауаптардың нақтылығына көз жеткізе алды.

Заңгерлер құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, жүгінушілердің түйткілді мәселелерін шешуге көмектесті. Кеңес алған тұрғындар көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Республикалық акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және кез келген құқықтық мәселеге білікті көмек көрсету.

«Халық заңгері» акциясы ҚР Үкіметінің қолдауымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен өзге де ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылды.