Сарыағашта Қабланбек ауылының 100 жылдығына орай футбол турнирі өтті

Сарыағашта Қабланбек ауылының 100 жылдығына орай футбол турнирі өтті

Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында футболдан аудандық деңгейде турнир ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл халқын атаулы датамен құттықтады.

– Қабланбек – тарихы терең, ел бірлігі мен дәстүрін сақтаған ауыл. 100 жылдық тек өткенімен емес, болашақпен де маңызды. Бүгінгі жастардың спортқа бет бұрып, белсенділік танытуы – біз үшін зор қуаныш, – деді аудан басшысы.

Футбол турнирі екі күнге созылып, Сарыағаш ауданының әр өңірінен келген 16 команда өзара бақ сынады. Ойындар жоғары деңгейде өтті, жанкүйерлер толассыз қолдау білдіріп отырды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • I орын – Қабланбек ауылдық округінің «Қабланбек» командасы
  • II орын – Көктерек ауылдық округінің «Шипажай» командасы
  • III орын – Жібек жолы ауылдық округінің «Арай» командасы

Жеңімпаз ұжымдарға арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Турнирді өткізуге ауыл жастары, еріктілер мен демеушілер белсене атсалысты. Бұл бастама – ауылдағы ауызбіршілікті арттырып, бұқаралық спортты дамытуға серпін берді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған игі қадам ретінде есте қалды..