Сарыағашта медицина қызметкерлеріне арналған спорттық спартакиада өтті

Сарыағашта медицина қызметкерлеріне арналған спорттық спартакиада өтті,деп жазады Пресса24
Сарыағаш ауданында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ақ халатты абзал жандарға арналған «Алғыс саған, ақ халатты абзал жан» атты спартакиада ұйымдастырылды. Аудан көлеміндегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері түрлі спорт түрінен сынға түсіп, салауатты өмір салтын дәріптеді.
Спорттық шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, медицина саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Денсаулық – ел байлығының негізі. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз – халықтың амандығы мен болашағы үшін баға жетпес қызмет. Бұл шара – сіздерге деген құрметтің бір көрінісі, – деді аудан басшысы.
Спартакиада аясында футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тарту сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Медициналық ұйым өкілдері белсенділік танытып, жоғары дайындықпен келіп, көрерменге тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Медицина қызметкерлеріне арналған бұл шара – кәсіби еңбекті бағалау, ұжым арасындағы бірлікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.