САУРАН: БАБАЙҚОРҒАНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жаздың шомылу маусымы басталуына байланысты Бабайқорған ауылдық округінде тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қолға алынды.
Округ аумағындағы су қоймалары, өзен-көлдер мен каналдар жіті тексеруден өтіп, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған аумақтар белгіленді. Қауіпті аймақтарға арнайы ескерту белгілері орнатылып, тұрғындарға көрнекі ақпараттық жадынамалар таратылуда.
Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен ауыл әкімдігі бірлесіп рейдтер ұйымдастырып, халыққа судағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, балалардың қараусыз қалмауы, белгіленбеген жерлерде шомылмау және үрлемелі құралдарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Жергілікті билік тұрғындарды мұқият болуға шақырып, қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі екенін ескертуде. Алдын алу шараларының басты мақсаты – қайғылы оқиғалардың алдын алу..