САУРАН: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXII СЕССИЯСЫ ӨТІП, МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясы аудан әкімінің аппараты ғимаратының мәжіліс залында өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда екі негізгі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – аудан көлемінде ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту шаралары. Бұл туралы ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Асқар Дайрабаев баяндама жасап, интернет пен мобильді байланыстың сапасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспарлар туралы толық мәлімет ұсынды. Депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.

Екінші мәселе – 2025–2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджетіне енгізілетін өзгерістер. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов округтер бюджеті бойынша нақтылаулар енгізу қажеттігін негіздеп, депутаттар талқысына ұсынды.

Сессия қорытындысында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылданып, күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан мақұлданды.