САУРАН: ОРАНҒАЙДА КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Сауран ауданында көктемгі санитарлық тазалық айлығы шеңберінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы Оранғай ауылдық округінің тұрғындары белсенділік танытып, елді мекен аумағын тазартуға жұмылды.
Тазалық жұмыстары барысында жол жиегіндегі күл-қоқыс жиналып, жабайы шөптер мен артық өсімдіктер жойылды. Сенбілікке 4 бірлік арнайы техника тартылып, абаттандыру мен көгалдандыру ісі жүйелі түрде жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту, қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру.