САУРАН САПАРЫ: ТҮРКІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘДЕНИ МҰРА АЯСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

 

Бүгін Сауранға арнайы келген Түркі әлемі делегациясы көне қалашықтың тарихи сырларымен танысып, халқымыздың бай салт-дәстүрі мен ұлттық өнерін көзбен көріп, тамашалады. Делегация мүшелері киіз үйдің қара шаңырағында отырғандай әсерге бөленіп, түркі дүниесінің ортақ мәдени құндылықтарын ұмытпай бірге бағалау мүмкіндігіне ие болды.

Ұлттық тағамдар мен қонақжайлық – бұл сапардың рухани мәнін одан әрі айқындап, бауырластық пен тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Осындай мәдени көпірлер арқылы келешек ұрпаққа рухани байлық пен өзара түсіністіктің негізі қалануда.

Сауран – рухани және мәдени мұраның тоғысқан тұсы ғана емес, сонымен қатар Түркі ынтымақтастығының жаңа серпіні мен болашақ жобаларының бастау нүктесі ретінде де мәні зор.