САУРАНДА АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ: АУДАН ӘКІМІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ НӘТИЖЕЛІ ОРЫНДАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Сауран ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен апталық аппараттық жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округтері әкімдері және тиісті мекеме өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – облыс әкімі бекіткен үш жақты келісім аясында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жоспардың орындалу барысы болды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан осы бағыттағы жұмыстар туралы жан-жақты баяндап, нақты деректер мен іске асырылған шаралар бойынша есеп берді.
Келесі кезекте ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Қалеке аудан аумағындағы мешіттердің құжаттарын заңдастыру ісі жөнінде баяндама жасап, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жиын қорытындысында барлық сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
*«Әр тапсырма мерзімінде әрі сапалы орындалуы керек. Бұл – ауданның даму көрсеткіші мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар жүйелі





