Сауранда балаларға арналған жаңа саябақ ашылды

Сауранда балаларға арналған жаңа саябақ ашылды
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағы салтанатты түрде ашылды. Жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тапсырыс беруші ретінде жұмыс атқарды.
Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Жалпы аумағы 2,14 гектар болатын саябақ заманауи жабдықтармен қамтылған. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары жұмсақ төсеммен жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді.
Саябақта 2113 шаршы метр көгал аумағы қалыптастырылып, көлеңкелі демалыс аймақтары, жаяу жүргінші жолдары мен орындықтар орнатылды. Жасыл желекпен көмкеру мақсатында 12 түрлі ағаш көшеттері, 88 шырша, 25 писсарди, 20 шынар, 30 раушан және 40 магония ағашы егілді.