САУРАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА САЯБАҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

САУРАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА САЯБАҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында заманауи балалар саябағы ашылды. Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жүзеге асырды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов және аудан тұрғындары қатысты. Жаңа демалыс орны 2,14 гектар аумақты алып жатыр және балалардың қауіпсіз әрі қызықты демалысы үшін толық жабдықталған.

Саябақта әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, көлеңкелі аймақтар, жаяу жүргіншілер жолы, орындықтар мен 2113 шаршы метр жасыл белдеу бар. Көгалдандыру аясында шырша, писсарди, шынар, раушан және магония секілді 12 түрлі ағаш түрінен жүздеген көшет отырғызылды.

Жаңа нысан – балаларға арналған пайдалы әрі жайлы кеңістікке айналды. Бұл – аудандағы инфрақұрылымның дамуына қосылған елеулі үлес.