САУРАНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

САУРАНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сауран ауданында кең көлемді сенбілік өтті. Экологиялық тазалықты арттыру мақсатында өткен шараға 400-ге жуық тұрғын белсене қатысты.

Іс-шара аясында аудан аумағындағы көшелер, қоғамдық орындар мен жол жиегі тазартылып, ағаштар суғарылды. Сонымен қатар, Шорнақ–Бабайқорған бағытындағы 20 шақырым жол бойы тұрмыстық қалдықтардан аршылып, 12 техника күшімен 60 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстары тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Сенбілік барысында табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға үндейтін түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.