Шардара ауданында 2025 жылдың алғашқы 4 айында 1600-ден астам адам жұмыспен қамтылды

Шардара ауданында 2025 жылдың алғашқы 4 айында 1600-ден астам адам жұмыспен қамтылды
Түркістан облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Шардара аудандық мансап орталығы 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында еңбек нарығын дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізді. Бұл шаралар «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылып отыр.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына 1601 адам тартылды. Бұл – жыл соңына дейін жоспарланған 5269 адамдық көрсеткіштің үштен біріне жуығы.
Негізгі нәтижелер:
- Қайтарымсыз мемлекеттік грант (400 АЕК көлемінде) 79 азаматқа беріледі;
- Субсидияланған жұмыс орындарының өтпелі контингенті – 444 адам;
- Әлеуметтік жұмыс орындарына – 129 адам,
жастар практикасына – 47 адам,
қоғамдық жұмыстарға – 480 адам жолданды; - 456 адам бос жұмыс орындары арқылы тұрақты жұмыспен қамтылды;
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 айда 32 жаңа жұмыс орны ашылды;
- Электронды еңбек биржасы арқылы жоспарланған 268 жұмыс орнының әзірге 13-і құрылды.
Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы бойынша 108 адамды қамту көзделгенімен, қаржы тапшылығына байланысты жоба іске қосылған жоқ.
Ақпарат көзі:
Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалының
Еңбек ресурстарын мониторингілеу және болжау бөлім басшысы Ж.Елдашбаев





