ШАРДАРА: Мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыс өтті

ШАРДАРА: Мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыс өтті
2025 жылғы 31 мамырда 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шардара ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімі өткізді.
Жарыстың ашылу салтанатына Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шомпиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Нурахов, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері қатысты. Б.Шомпиев қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қала және ауылдық округтерден, сондай-ақ дербес бөлімдерден құралған 9 команда қатысты. Тартысты өткен кездесулер салауатты өмір салтын дәріптеуге және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталды.
Жарыс жеңімпаздары:
- 🥇 I орын – Шардара ауданы әкімі аппараты
- 🥈 II орын – Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
- 🥉 III орын – Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты
Жекелеген ойыншылар да үздік ойынымен көзге түсіп, марапаттарға ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.