Шардаралық тұрғын «Күміс жас» жобасы аясында тұрақты жұмысқа орналасты

Шардаралық тұрғын «Күміс жас» жобасы аясында тұрақты жұмысқа орналасты
Зейнет жасына жақындаған азаматтарды қолдауға бағытталған «Күміс жас» жобасы бүгінде көптеген жандарға жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр. 2022 жылы басталған бұл бағдарлама 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған.
Осы жобаның тиімділігін сезініп отырғандардың бірі – Шардара ауданының тұрғыны Ибрагимова Гүлжан Илешқызы. Ол мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында «Шебер» тігін фабрикасына тігінші болып жұмысқа орналасқан.
– Жұмысым өзіме өте ұнайды, қолайлы. Еңбектенбей, өзгеден көмек күтудің қажеті жоқ. Мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу керек. «Күміс жас» жобасы шын мәнінде өз мақсатына сай жүзеге асып жатыр. Өз қатарластарыма қатысып көруге кеңес беремін, – дейді Гүлжан Илешқызы.
Жоба аясында Шардара ауданында да көптеген азаматтар қайта даярлықтан өтіп, еңбек нарығына сәтті бейімделуде.