Шерзаттың өліміне қатысты іс кезінде залда күлген кім?

 

Шерзаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында күтпеген жағдай орын алды. Сот процесіне қатысушылардың бірі залда отырып қатты күлді. Бұл сәт сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевқа сұрақ қойылып жатқанда болған. Видеожазбадан күлкі дауысы анық естіледі.

Прокурор Дана Сәрсенбай бұл әрекетке наразылық білдіріп, судьядан тәртіп бұзған адамды залдан шығарып жіберуді сұрады. Алайда күліп отырған қыз оған қарсы болып, «күлкілі болған соң күліп отырмыз. Бәрі күліп отыр» деп жауап қатты. Судья бұл әрекетке тек ескерту жасаумен шектелді.

Қоғамдық резонанс тудырған сот отырысында мұндай тәртіп бұзу әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

IMG_5194