Шымкентте қоғамдық көлікке цифрлық бақылау енгізілді

Шымкентте қоғамдық көлікке цифрлық бақылау енгізілді,-деп хабарлайды Пресса24.кз.

Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметі толықтай цифрлық бақылауға алынды. Қалада енгізілген Avtobys жүйесі арқылы автобустардың қозғалысы, төлем жүйесі мен қызмет көрсету сапасы нақты уақыт режимінде қадағаланып отыр.

Бақылау орталығындағы диспетчерлер жолаушылардан түскен шағымдарға жедел жауап беріп, техникалық ақауларды онлайн шешуге мүмкіндік алды. Жаңа жүйе қоғамдық көлік саласында тәртіп орнатуға бағытталған.

Енді жолақысын төлемеген жолаушыларға айыппұл салынады. Бұл жолаушылардың жауапкершілігін арттырумен қатар, тасымалдаушыларға түсетін қаржылық түсімді ашық бақылауға жағдай жасайды.

Мамандардың айтуынша, Avtobys жүйесі қаладағы көлік қозғалысын реттеп, тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс.