Шымкентте құқықтық кеңес беру бойынша «Халық заңгері» акциясы өтеді

2025 жылғы 25 сәуір күні Шымкент қаласында тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Іс-шара қала басшысының тапсырмасына орай өткізіліп отыр.

Акция М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің негізгі ғимаратының бірінші қабатында (Тәуке хан көшесі, №5) сағат 15:00-де басталады.

Шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру. Іс-шара барысында қала тұрғындары заң саласындағы тәжірибелі мамандардан — мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, прокуратура, тергеу, сот орындаушылары, адвокаттар мен нотариустардан кеңес ала алады.