Шымкентте тыл еңбеккері қарт әйел адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келгені анықталды

Шымкентте тыл еңбеккері қарт әйел адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келгені анықталды,-деп жазады Pressa24.kz.
Шымкентте еріктілер тыл ардагері қарт әйелдің санитарлық талаптарға сай келмейтін, лас жағдайда тұрып жатқанын анықтап, бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Видео кадрларынан үй ішінің нәжіс пен жәндікке толы, өте нашар күйде екенін көруге болады.
Белгілі болғандай, қарт адамның зейнетақысын туысы алып келгенімен, оған күтім көрсетпеген. Сонымен қатар, Жеңіс күніне орай берілген марапат пен ақшалай көмекті де сол туысы иеленген болуы мүмкін деген мәлімет тарады. Туысы оны қарттар үйіне тапсырудан бас тартқан.
Желі қолданушылары бұл жағдайға бейжай қарамай, қарт адамға лайықты қамқорлық пен өмір сүру жағдайын талап етті.
Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі таңда тыл еңбеккері әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылған. Онда оған қажетті көмектер көрсетіліп, күтім жасалуда.