Шымкенттегі Алматы тасжолы айналма жолы маңында белгісіз арнайы техника жер қазу жұмыстарының салдарынан құбыр жарылды

2024 жылғы 24 сәуір күні шамамен 18:00-де Шымкенттегі Алматы тасжолы айналма жолы маңында белгісіз арнайы техника жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жоғары қысымдағы жерасты газ құбыры зақымданды.
Қазіргі таңда зақымдалған учаске оқшауланып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті тұтынушылар! Қауіпсіздік мақсатында газ құрылғыларыңыздың түтікшелерін жабуды сұраймыз. Газ беру жұмыстары 25 сәуір сағат 17:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі.