Шымкенттік оқушы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алды

Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Есенгелдиева білім мен ғылым жолындағы табандылығымен халықаралық деңгейде танылды. Ол АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды.
Алина – халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауының жеңімпазы. Ол білімін биомедициналық инженерия бағытында жалғастырмақ. Бұл мамандық — бүгінгі еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі.
«Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл – іріктеудің маңызды бөлігі. Алғашқы оң жауаптар наурыз айында келе бастады», – дейді Алина.
Оған шақырту жіберген университеттер қатарында:
Iowa University
College of the Atlantic
American University
University of Massachusetts Amherst
Loyola Marymount University
University of the Pacific
Michigan Tech
Clarkson University
Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы)
Clemson University бар.
Бұл – жас таланттың қажырлы еңбегі мен үздіксіз ізденісінің жемісі.